Skip to content

Шымкентте «Түскі уағыз» жобасы басталды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты «Абдрахман» мешітінде көшпелі оқу-семинары өтті.

Жиынға қалалық мешіттің бірінші наиб имамы Мұсабек Ақтамберді, ардагер имам Бекайдар Әміре, қалалық Шариғат және пәтуа бөлімінің жетекшісі Исламқұл Иманқұлұлы, аудандық мешіттің бас имамы Мұхамеджан Естеміров және дін қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында жамағат сұранысына сәйкес Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының уағыз-насихат бағыты бойынша күнделікті бесін намазынан кейін «Түскі уағыз» жобасының іске қосылғаны хабарланды.

Сонымен қатар, жиында дін қызметкерлеріне «Уағыз айту әдебі» құжаты таныстырылды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *