Skip to content

ШЫМКЕНТТЕ ШӘКІРТТЕРГЕ ХӘКІМ АБАЙ ТАҒЫЛЫМЫ ТҮСІНДІРІЛДІ 

Бүгін Шымкент орталық мешітінде Хәкім Абай атамыздың 180 жылдық мерейтойы аясында  жас шәкірттерге арнап «Ұлт кемеңгері – Хәкім Абай тағылымы» атты рухани кездесу ұйымдастырылды.
 Рухани шараға шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, Шымкент қалалық дін істер басқармасының басшысы Бақтияр Өнербаев, найб имам Ахметжан қажы Керімбек, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, қалалық діни оқу ағарту саласына жауапты маман әрі найб имам Қазыбек Сарыбаев, Абайтуншы-магистр Самат Анарбаев ұстаздар қатысып шәкіттерге тағылымды дәріс оқыды.
Негізгі мақсат -  жас шәкірттерге имандылық, әдептілік пен қатар Хәкім Абай атамыздың рухани мұрасын насихаттау, жеткізу болып саналады. 
Айта кетсек, рухани шараға қала бойынша 93 мешітте «Имани жаз - 2025» атты жазғы діни сауат ашу курсының тәлім алған  үздік атанған 500 шәкірт қатысты. 
Рухани шара барысында шәкірттерге сый-сияпттар мен балмұздақ тегін үлестірілді. 

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *