Skip to content

ШЫМКЕНТТЕ САЛА ЖЕТЕКШІЛЕРІ АУЫЗАШАР ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Бүгін ҚМДБ Шымкент қаласы бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының ұйытқы болуымен, Діни сараптама , іс басқару, Жастар секторы мүшелерінің ұйымдастырумен ауызашар дастарханы ұйымдастырылды.
Игі шараға шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының атынан Жастар ісі секторы Әзімбек Қарабеков және іс басқарушы Әлжан Сәдиев қатысып, уағыз-насихат айтты. Жалпы ауызашар дастарханына мешіт жамағаты, жастар, еріктілер шарамыздың қадірлі қонағы болды. Жалпы саны 100-ге жуық азамат қатысты.
Шара барысында уағыз- насихат жұмыстарын жүргізілді.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі