Skip to content

ШЫМКЕНТТЕ «РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент орталық мешіті мен қалалық Зекет қайырымдылық қорының ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Игі шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов атынан найб имам Мұсабек Ақтамберді, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының жетекшісі Айбек Азимбаев, іс басқарушы Әлжан Сәдиев, Жастар ісі секторының жетекшісі Әзімбек Қарабеков т.б. азаматтар қатысты.
Қайырымдылық шара барысында көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі тіркеуден тұрған 70 отбасыға азық-түлік себеті үлестірілді. Жалпы бір отбасыға (ұн, күріш, шәй, май, қант, тамат, макорон өкімдері, сабын, т.б.) берілген көмектің қаржы мөлшері 25000 теңгені құрайды.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін шараға қолдау көрсеткен Кувейт қорына және кәсіпкерлерге Алла Тағала разы болсын!
Айта кетсек, қайырымыдылық 5 орында өткізілді. Кейбір азаматтардың мүмкіндік шектеуіне орай үйлеріне жеткізілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі