Skip to content

ШЫМКЕНТТЕ МҮФТИЯТ БАСПА ӨНІМДЕРІН ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қаласы, Абай аудандық Кенесары хан мешітінде «Muftiyat» баспасынан жарық көрген кітаптарды үлестіру дилерлік орталығы ашылды.
«Негізгі мақсаты — ҚМДБ «Muftiyat» баспасы тарапынан жарық көрген кітаптарды мешіт, медресе, кітапханаларға және діни дүкендерге үлестіріп отыру болып табылады. Сондай-ақ, насихат жұмыстарын жүргізу, түрлі деңгейдегі кітап жәрмеңкелер ұйымдастыру т.б міндеттер атқарады.
Аталмыш орталыққа бірнеше мамандар қызмет атқарады.» — Мұхамеджан Естеміров.
Жыл басында жоба ретінде ашылған аталған орталық жұмысына Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы оң баға беріп, әрі қарай дамытуды айтып, жұмысына сәттілік тіледі.
Осы орайда, «Muftiyat» баспасынан жарық көрген «Дін мен дәстүр ІІІ», «Отбасылық сұрақ-жауаптар», «Құран інжулері», «Исламдағы сауда-саттық», «Пәтуалар жинағы» (1–5 том), «Бабалар ізімен – қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп», «Ислам ғибадаты» және өзге де барлығы 55 түрлі құнды кітап жарық көрді.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі