Skip to content

ШЫМКЕНТТЕ МЕДРЕСЕ ТҮЛЕКТЕРІ АСПАЗШЫҒА ҰМРА ТАБЫСТАДЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлы баяндамасы аясында және дәстүр және отбасы бағыты бойынша Шымкент медресе колледжінде «Рамазан шатыры» атты ауызашар дастарханы ұйымдастырылды.
Игі шара ҚМДБ-ның Шымкент медресе колледжінің директоры Талғат Әсембайдың қолдауымен қолға алынып, ұйымдастырушыдарға алғыс айтып, ризалық білдірді. Берекелі дастархан басында қыздар бөлімін бітірген бір топ түлектері медресе колледжінің қыздар бөлімінде аспазшы қызметін атқаратын Сәтен Есенқұлова апайға ұмра қажылық сертификатын табыстады. Қаржылай қолдау білдірген жандарға Алла Тағала разы болсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі