Skip to content

ШЫМКЕНТТЕ Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қаласы, Абай аудандық Кенесары хан мешітінде түркі халықтарының рухани ұстазы Қожа Ахмет Ясауи атындағы кітапхана ашылды.
«Негізгі мақсат — мешіт жамағатына дін мен дәстүр, тәлім-тәрбие әдептілік т.б асыл құндылықтарды бойына сіңіру және дұрыс діни ақпарат беру болып табылады. Кітапхана қорында дені Муфтиятқа қарасты дін ғалымдарының жазған кітаптары еңбектері. Және оқырмандарға жеңіл болуы үшін электронды кітапхана жүйесі де қосылды», — деді Мұхамеджан Естеміров.
Айта кетейік, кітапханаға ҚР Дін істер комитетінің және Муфтияттың сараптамасынан өткен кітаптар жинақталды. Сондай-ақ, Мүфтият баспасынан жарық көрген кітаптары, төл басылым Иман журналы мен Мұнара газетінің ай сайынғы санымен толықты. Кітапхана қызметін әрі қарай дамыту жұмыстары жүргізіледі.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *