
ҚМДБ-ның Діни білім және кадр даярлау бағыты аясында Шымкент қалалық орталық мешітінде балаларға арналған «Имани жаз – 2025» жазғы діни сауат ашу курсының ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты шараға қалалық бас имамның орынбасары Ахметжан Керімбек, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, діни оқу-ағарту саласына жауапты маман, найб имам Қазыбек Сарыбаев және ұстаздар қатысып, шәкірттерге сәттілік тіледі.
Шара барысында ҚМДБ Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахмановтың құттықтау сәлемі жеткізіліп, жас шәкірттерге табыс тілегіне жол ашылды.
Курсты ұстаздар Азимбек Қарабеков пен Ақжарқын Түзелова жүргізіп жатыр. Сабақтар ҚМДБ-ның Діни білім және кадр даярлау бөлімі әзірлеген «Имандылық әліппесі» оқулығы негізінде өтуде.
Бүгінде қаладағы 93 мешітте күндізгі жазғы діни сауат ашу курстарына 3500-ден астам шәкірт қатысуда.