Skip to content

ШЫМКЕНТТЕ ИМАМДАР ДЕНДРОСАЯБАҚТА АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ

Бүгін Таза Қазақстан республикалық экологиялық акциясына қолдау жане Қазақстан Республикасының 35 жылдық мерейтойына орай Шымкент қаласы Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябақта «Шымкент қаласы имамдарының аллеясы» бұрышында ағаш отырғызу шарасы ұйымдастырылды.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, Бекайдар Әміре және Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Тұран және Қаратау аудандарының бас имамдары қатысты.
Ендігі мақсат – бөлінген жер аумағына түрлі сұрыптағы ағаштар отырғызып, тұрақты тазалық шараларын өткізіп, қоршаған табиғатты аялауды және қала тұрғындарына жақсы көңіл күй сыйлау болып табылады.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі