Skip to content

ШЫМКЕНТТЕ ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТКЕ ҚАТЫСТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен «Цифрлық кеңестік жасанды интеллект: мүмкіндіктері мен қолдану тәжірибесі» атты
дін қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Семинарға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлы баяндамасы аясында, ҚМДБ Цифрлық даму бөлімінің меңгерушісі Тимур Серікқанұлы Орынханов арнайы қатысып, жаңа сала мен бағыттың жетістіктері туралы дін өкілдеріне дәріс оқыды.
Қатысушылар арасында сауал қойып, жан-жақты мағлұмат алды.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылады семинар соңында шаһар бас имамы Бақдәулет Абдрахманов алғыс айтып, ризалық білдірді.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі