Skip to content

ШЫМКЕНТТЕ ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІ АУЫЗАШАР БЕРДІ

Бүгін ҚМДБ Шымкент қаласы бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының ұйытқы болуымен, Әйел-қыздар секторына қарасты Әжелер мектебінің мүшелерінің ұйымдастырумен жастарға ауызашар дастарханы ұйымдастырылды.
Игі шараға шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы, Қазыбек Сарыбаев, Мұхамеджан Естеміров, Жастар ісі секторы Әзімбек Қарабеков, әйел ұстаз Балжан Досжанова, Қалдыгүл Жұмабекқызы бастаған әжелер және жамағат , жастар да шарамыздың қадірлі қонағы болды. Жалпы саны 100-ге жуық адам қатысты.
Шара барысында әжелер тәбәрік сыйлықтар үлестірілді.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі