Skip to content

ШЫМКЕНТТЕ 97 МЕШІТТЕ АЙТТЫҚ ДАСТАРХАНЫ ЖАЙЫЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласы бойынша мешіттерде бір уақытта Ораза айт намазы оқылды. Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов бастаған имамдар қала тұрғындары мен жамағатын айт мерекесімен құттықтап, ҚМДБ Төрағасы Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы құттықтау сәлемін жеткізді.
Мұнымен қатар, дін мен дәстүр бағыты аясында қала бойынша 97 мешітте айттық дастарханы жайылды. Тағы бір маңызды мәселе дастархан мәзірі ҚМДБ Халал Даму мекемесінің куәлігін алған өнімдер ұсынылды.
Ораза айт құтты болсын!

ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі