Skip to content

ШЫМКЕНТТЕ 8-ші ХАЛАЛ АСХАНА ҒИМАРАТЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасына орай және «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Шымкент қаласы, Абай ауданы Төлеген ата мешітінде дін мен дәстүр сәйкес 200 орынды халал асхана ашылуы өтті.
Игі шараға шаһар бас имамы орынбасары Ахметжан Керімбек және Абай аудандық Кенесары хан мешітінің бас имамы Мұхамеджан Естеміров және ауыл тұрғындары қатысты.
Салтанатты шара Құран оқумен басталды. Әуелі шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлының құттықтау сәлемін найб имам Ахметжан Керімбек жеткізіп, ізгі ниет білдірді. Осыдан кейін, аудан бас имамы Мұхамеджан Естеміров сөз алып аудандағы оңды өзгерістер туралы ақпарат беріп, аудан көлемінде мешіт ғимараты жанында 8 халал асхана салынып, ел игілігіне қызмет етіп жатқанын айтып өтті. Және 3 асхана ғимараты салынып жатқанын жеткізді. Бұл бір жағынан сауапты іс, арзан халыққа пайдалы, екіншіден мешіт экономикасына едәуір пайдалы болмақ. Жаңа ғимарат құтты болсын!

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *