
Шымкент қаласы, Қаратау ауданына қарасты «Қарабура әулие» мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІV республикалық байқауға іріктеу сайысы өтті.
Іріктеу сайысына Шымкент қаласының Бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы, найб имам Ахметжан Керімбек, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, қалалық Құран секторының жетекшісі Ерман Бекбауов, Әл-Фараби аудандық мешітінің имамы Ералы Есенгелдиев және Қаратау ауданының бас имамы Ербол Қалшабек қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқау нәтижесінде 30 пара аталымы бойынша Валихан Мансурхан (ұмра қажылығы), 20 парадан Мұхаммедали Шакиров, 10 парадан Эмиршах Аримжанов, ал мәнерлеп оқудан Аман Азамат бірінші орынға ие болып, ХІV республикалық Құран байқауына жолдама алды. Жеңімпаздарға арнайы диплом мен қаржылай сыйлықтар табыс етілді. Байқаудың жоғары деңгейде өтуіне дін жанашыры, кәсіпкер Азамат Қамбаров демеушілік көрсетті. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға Шымкент қалалық өкілдігінің арнайы естелік және ынталандыру хаттары табысталды.
Жалпы байқауға 104 қари қатысып, өзара төрт аталым бойынша бақ сынады. Қазылар алқасының құрамында белгілі қари Камилжан қари Жолдасұлы, әйгілі Әл-Азһар университетінің түлегі Нұрсұлтан қари Мамедалиев және «Есжанұлы Сейтжан қари» мешітінің найб имамы Мейірбек Сәрсенбаев сынды тәжірибелі ұстаздар болды. Жарысты Құран секторының жетекшісі Ерман Бекбауов жүргізді.