Skip to content

ШЫМКЕНТ МЕДРЕСЕСІНДЕ МӘУЛІТ ШАРАСЫ ӨТТІ

Биылғы мәуліт айында «Шымкент медресе» колледжінде ұлық мерекеге арналған тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Бұл кештің негізгі мақсаты – адамзаттың ардақтысы, екі дүниенің сардары болған Мұхаммед Мұстафа (с.а.с.)-ның өмір жолын, өнегелі ғибраттарын еске алып, шәкірттерге оның асыл мұрасын насихаттау болды.

Шара барысында Құран аяттары оқылып, медресеміздің директоры Талғат Әсембай ұстаз және Сәрекеев Өмірбек ұстаз оқу орданың директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Бейбіт Бітебаев ұстаздарымыз алғы сөз сөйлеп және пайғамбарымыздың өмірінен сыр шерткен баяндамалар жасады. Сондай-ақ, мәуліт жырлары айтылып, тәрбиелік мәні зор көріністер сахналанды. Өнерлі шәкірттеріміз арасынан Мықтыбай Нұртөре мен «Қаратау өнер мектебі» оқушысы Абазбек Дінмұхамед пайғамбарға (с.а.с.) деген сүйіспеншіліктерін жүрекжарды өлеңдер мен мадақтар арқылы жеткізіп, суырып салма айтыстан өнерлерін көрсетті.

Бұл игі басқосу жиналған көпшіліктің имани сезімін оятып, пайғамбарымыздың өнегелі өмірін үлгі етуге шақырды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *