Skip to content

«Шымкент» медресе-колледжінің түлектеріне диплом табысталды

Шымкент қаласында орналасқан «Шымкент» медресе-колледжінде 2025 жылғы түлектерге диплом табыстау рәсімі өтті.

Игі шараға медресе-колледж директоры Талғат Әсембай және Шымкент қаласының Бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы қатысып, бітіруші түлектерге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Биылғы жылы аталған оқу орнын 82 шәкірт тәмамдады. Оның 45-і ер, 37-сі қыз бала. 8 шәкірт үздік нәтиже көрсетіп, қызыл диплом иегері атанды. Сонымен қатар, бір студент Түркия Республикасындағы «Хасеки» діни академиясына оқуға қабылданды. Ал 5 түлек Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетіне үміткер ретінде құжаттарын тапсырды.

Сондай-ақ, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен бітіруші түлектер имам, наиб имам, ұстаз және азаншы қызметтеріне тағайындалды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *