
Шымкент қаласы, Абай аудандық «Кенесары хан» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы және жарияланған «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында кеңейтілген жиналыс өтті.
Жиын Шымкент қаласының Бас имамы Бақдаулет Нұрматұлының қолдауымен ұйымдастырылды. Басқосуға бірінші найб имам Мұсабек Ақтамберді, Қазыбек Сарыбаев, қалалық іс басқарушы Әлжан Сәдиев, «Шариғат және пәтуа» бөлімінің маманы Берік Шотабеков, «Дін мен дәстүр» бөлімінің жетекшісі Самат Анарбаев және мешіт имамдары қатысты.
Кездесу барысында ҚМДБ-ның негізгі төрт бағыты — дін мен дәстүр, жат ағымдардың алдын алу, діни оқу-ағарту және уағыз-насихат жұмыстары талқыланып, аудандағы діни ахуал мен тұрақтылық, сондай-ақ мешіт қызметкерлерінің БАҚ және әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану мәселелері сөз болды.
Сонымен қатар, ҚМДБ тарапынан бекітілген жылдық жұмыс жоспары мен аудан көлемінде жүзеге асырылатын іс-шаралар пысықталды.