Skip to content

Шымкент қаласында қарилар арасында іріктеу сайысы өтті

Түркістан қаласында Құран Кәрімді жатқа оқу бойынша қыздар арасында V республикалық байқау өткізу жоспарлануда. Аталған игі шараға орай Шымкент қаласында, шаһар Бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының тапсырмасына сәйкес, Асылханқызы Балжан ұстаздың ұйымдастыруымен қарилар арасында іріктеу сайысы өтті.
 
Іріктеу кезеңіне Құран Кәрімді жатқа оқуда үздік нәтиже көрсетіп жүрген талапты қыздар қатысып, өзара бақ сынасты. Қатысушылардың білім деңгейі мен тәжуид ережелерін сақтау шеберлігі арнайы қазылар  Уммугулсум Рахмантаева  және   
Ансар Ануарбек алқасы тарапынан әділ бағаланды.
 
Сайыс нәтижесінде үздік деп танылған қарилар алдағы республикалық байқауға қала Бас имамының жолдамасын алып, Түркістан қаласында өтетін дүбірлі додада Шымкент қаласының намысын қорғайтын болады.