Skip to content

ШЫМКЕНТ ҚАДІР КЕШІНДЕ СҰРАҚ-ЖАУАП САЙЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласының мешіттерінде қасиетті Қадір түні сұрақ жауап сайысы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Ислам және отбасы құндылықтары, Ислам тарихы , 40 парыз т.б бағыттар бойынша сұрақ-жауап сайысын қалалық Жастар ісі секторының жетекшісі Әзімбек Қарабеков бастаған жастар ұйымдастырып, өткізді. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға арнайы сый-сияпат, құрмет көрсетілді.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі