
ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігі мен «Шымкент» медресе-колледжі бірлесіп, «Ислам және отбасы құндылықтары жылы» аясында «Дін мен дәстүр тағылымы» атты танымдық-рухани семинар өткізді.
Игі шараға Шымкент өкілдігінің дін мен дәстүр бойынша жетекшісі Самат Анарбаев қатысып, ұстаздар мен студенттерге дәріс оқыды.
Семинардың негізгі мақсаты – дін мен дәстүр құндылықтарын насихаттау, қазақ жеріндегі ислам дінінің өткені мен бүгініне тоқталу, аймақтан шыққан дін қайраткерлерінің өмірі мен еңбектерін таныстыруға бағытталған.
