Skip to content

ШОХАН УӘЛИ: ЕЛІМІЗДЕ ӨТКЕН ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУДЫҢ ЖӨНІ БӨЛЕК ЕКЕН

Елорданың төрінде өткен ІІ Халықаралық Құран жарысында Қазақстанның атынан шығып жүлделі үштікке ілінген Шохан қари  жарыс жөнінде пікір білдірді.

«Елімізде ұйымдастырылған ІІ халықаралық Құран жарысы өте жоғарғы деңгейде өтті. Мұсылман елдерінде жиі өтетін халықаралық жарыстардан асып түспесе, кем түскен жоқ. Барлық қатысушы қарилар дән риза. Мұндай халықаралық Құран жарысына қатысу бір жағынан тәжірибе, шыңдалу болса, екінші жағынан елдің намысын қорғау – қарилар үшін үлкен мәртебе. Өзіміздің Отанымызда жарысқа қатысудың шарапатымен бірге жауапкершілігі өте үлкен екен. Өйткені осы уақытқа дейін қанша Құран жарысына дайындалдым, соның ішінде осы жарысқа ең жоғары дайындықпен келдім деп ойлаймын. Бір ай бұрын өзімді алаңдататын интернет желісіндегі парақшаларымның барлығын өшіріп, ешқандай ойым бөлінбесін деп Астанаға тек дайындыққа келдім. Күн сайын дайындыққа 15 сағат арнадық, тыңғылықты дайындалдық. Дегенмен, шыны керек, бұған дейін айтқандай, қысым жоғары болды. Еліміздің төрінде өтіп жатқандықтан, қаншама тақым қысып, тілеуімізді тілеген жамағат алдындағы жауапкершілікті ойлайсың. Сөйтіп, бір-екі жерде ескертулер болды. Бірақ жалпы жақсы болды деп есептеймін. Аллаға шүкір, үш те болса күш. Қуаныш бәрімізге ортақ!»,-деді Шоқан Уәли.  

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *