
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде қасиетті Рамазан айының аясында «Бас имам сағаты» рухани кездесуі өтті. Шараға мешіт жамағаты, шәкірттер мен ақсақалдар қатысып, уағыз-насихат тыңдап, көкейдегі сұрақтарына жауап алды.
Кездесу барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шығыс Қазақстан облысы бойынша бас имамы Думан Нәдірұлы жамағатқа қасиетті Рамазан айының маңызы мен мұсылманның көркем мінезі туралы тағылымды насихат айтты. Бас имам сөзінде биылғы «Ислам және адал қоғам жылы» аясында әрбір мұсылман адалдықты өмір салтына айналдыруы қажет екенін ерекше атап өтті.
Сонымен қатар ол жастар тәрбиесі, отбасы құндылығы, ата-анаға құрмет, көрші ақысы және мұқтаж жандарға көмек көрсету жайында кеңінен тоқталып, жамағатты бірлікке шақырды.
Кездесу соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап беріліп, Рамазан айында жасалатын игі амалдардың сауабы түсіндірілді. Шара соңында ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасалып, барша мұсылман қауымға Рамазан айының берекесі тілінді.
