
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шығыс Қазақстан облысы бойынша Бас имамы Думан Нәдірұлы Күршім ауданына арнайы сапармен барып, бірқатар діни-рухани және әлеуметтік шараларға қатысты.
Сапар барысында бас имам аудан әкімі Мейіржан Әлібековпен кездесіп, діни ахуал, мешіт қызметі мен жастар тәрбиесі жөнінде пікір алмасты.
Сондай-ақ 2535 және 31767 әскери бөлімдерінде болып, әскери қызметшілерге «Өз-өзіне қол жұмсаудың зияны» және «Діни экстремизм мен терроризм» тақырыптарында насихат жүргізді.
Аудандық Жастар орталығында өткен кездесуде жастарға имандылық, рухани тәрбие және жат ағымдардан сақтану туралы уағыз айтты.
Сапар аясында Күршім ауданының бас имамы Тілейбек Соянұлы ҚМДБ-ның 35 жылдық мерекелік төсбелгісімен марапатталды. Марапатты облыс бас имамы өз қолымен табыстады.
Сонымен қатар, «Дала семинары» аясында өңір мешіт жамағаттары арасында спорттық жарыс өтіп, жеңімпаздар марапатталды.