Ғалым Абдусаттар Сманов мешітінде өткен «Имани жаз 2025» діни сауат ашу курсына қатысқан шәкірттерден қорытынды емтихан алынды. 40 парыздан, қыз баланың әдебі, мұсылманның күнделікті дұғалары және ардақты Пайғамбар өмірінен сұрақтар қойылып, ауызша емтихан өтті. Емтиханнан жоғарғы үздік бағамен өткендерге сыйлық беріліп, марапатталды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі






