2025 жылдың шілде айында Шымкент қаласы, Абай ауданы, Абдурахман Махсуми мешітінде жазғы діни курсқа қатысып жатқан шәкірттер арасында «40 парызды жатқа айту» жарысы өткізілді. Бұл шара жас буынның діни сауатын арттырып, имани құндылықтарға деген қызығушылығын күшейтуді мақсат етті. Жарыс барысында шәкірттер ислам дініндегі маңызды білімдердің бірі — 40 парызды толық әрі мәнерлеп жатқа айтып, өзара бақ сынасты. Сайысқа қатысушылардың барлығы өздерінің дайындық деңгейін, ынтасын және білімге деген құлшынысын көрсетті. Іс-шара аясында мешіттің ұстаздары мен қонақтар тарапынан тәрбиелік мәні зор уағыз-насихаттар айтылып, жас шәкірттерге пайдалы кеңестер мен рухани бағыт-бағдар берілді. Сайыстың соңында үздік шыққан шәкірттерге арнайы марапаттар мен сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар беріліп, олардың діни білім жолындағы алғашқы қадамдары қолдау тапты. Осындай игі бастамалар жастар арасында имандылықты насихаттауға, Отанға және ата-анаға құрметпен қарауға тәрбиелейді. Абдурахман Махсуми мешітінің ұйымдастыруымен өткен бұл шара – рухани тәрбие берудің жарқын үлгісі болды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
