Skip to content

Сейітжан қари мешітінде “Имани жаз – 2025” екінші кезеңі табысты аяқталды

Сейітжан қари мешітінде ұйымдастырылған дәстүрлі “Имани жаз – 2025” жазғы сауат ашу курсының екінші кезеңі өз мәресіне жетті. Бұл кезеңде 300 ер бала мен 300 қыз бала Құран әліппесі мен тәжуид ілімін меңгеріп, қырық парызды жаттап шықты.

Салтанатты жабылу рәсімінде мешітіміздің наиб имамы Иса Яхия шәкірттерге, ұстаздарға және ата-аналарға алғыс білдіріп, балаларға алдағы діни және рухани жолында сәттілік тіледі. Сонымен қатар, шәкірттерге арнайы сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Бұл игі бастама – өскелең ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу жолындағы жарқын қадам. Жазғы сауат ашу курсы арқылы шәкірттер тек діни білім алып қана қоймай, жақсы мінез-құлық пен рухани тәрбиеге де бой үйретті.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *