Skip to content

«Сейітжан қари Есжанұлы» мешітінде рухани кеш өтті

Шымкент қаласында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен, «Сейітжан қари Есжанұлы» мешітінің ұйымдастыруымен «Қасиетті Рамазан – Құран айы» рухани кеші өтті.

Рухани іс-шарада Құран Кәрімнің 10 қырағат иесі Шоқан қари Уәлиев қасиетті Құран аяттарын оқып, өңірдің ақсақал имамы Бекайдар Әміре арнайы дұға жасады. Шымкент шаһарының зәулім мешітінде өткен іс-шарада өкілдіктің наиб имамы Мұсабек Ақтамберді, ҚМДБ Ғұламалар және РАНТ мүшесі Арман Қуанышбаев, белгілі ұстаз Нұрсұлтан Рысмағанбет Рамазан айының хикметі және бұл айда Құран оқудың, үйренудің маңызы жайлы әсерлі уағыз айтты.

Кеш соңында «Сейітжан қари Есжанұлы» мешітінің бас имамы Ерсін Әміре жамағатты келе жатқан Рамазан айымен құттықтап, рухани іс-шараға атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді.  

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *