Skip to content

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕДРЕСЕДЕ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

Бүгін «Шымкент» медресе-колледжінің конференция залында «Жастар — Тәуелсіз еліміздің болашағы» тақырыбында танымдық-рухани мерекелік шара ұйымдастырылды.
Мерекелік шараға Шымкент медресе колледжінің директоры Талғат Әсемай бастаған ұстаздар қауымы мен студенттер қатысты.
Игі шарада Егемен Қазақстан тарихы баян етіліп, ән күйге кезек берілді. Сондай-ақ, аянбай еңбек етіп жүрген қызметкерге «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай мырза алғыс айтып, ризалық білдірді.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *