Skip to content

РАНТ мүшесі Арыс жамағатымен жүздесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар кеңесінің мүшесі, РАНТ мүшесі, «Балаби қари» Құран жаттау орталығының басшысы, ұстаз Арман Қуанышбаев арнайы іс-сапармен Түркістан облысы, Арыс өңірінде болды.

Арман Баймаханұлының өңірге сапары «Әз Тәуке хан» Құран жаттау орталығының шәкірттерімен жүздесуімен басталды. Шәкірттерге «Құран құндылықтары» жайында насихат айтып, болашақта елді имандылыққа бастар азаматтары болуға тілек білдірді.

Сондай-ақ кешкі ақшам намазынан кейін «Хазіреті Әбу Бәкір әс-Сыддық» мешітінде арыстық жамағатқа «Құран – дүние мен ақыретіңіз үшін» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді

РАНТ мүшесі адам өмірінде кездесетін әртүрлі жағдайларды Құраннан мысал келтіріп, дәстүрмен сабақтастыра айтып, жалпы мұсылман адамның дүние есігін ашқаннан бастап, дүниеден өткенге дейінгі аралықта Құранмен өмір сүретінін тілге тиек етті.

Жиын соңында жамағаттың көкейкесті сауалдарына жауап беріп, арыстықтармен бірге Жаратушыдан ел амандығы мен тыныштығын тіледі.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *