Skip to content

РАМАЗАННЫҢ АЛҒАШҚЫ ОН КҮНІНДЕ 3 МИЛЛИОН АДАМҒА УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ

Бұл туралы бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров хабарлады.

«Уағыз-насихат» бағыты бойынша Рамазан айының алғашқы он күндігінде өңірлерде 34 791 уағыз-насихат жүргізіліп, 3 295 255 адам қамтылды. Аталмыш бағыт бойынша үш шара негізінде уағыз айтылды. Атап айтқанда, «30 күнге 30 уағыз» шарасы бойынша бекітілген уағыз-насихат тақырыптары аясында өкілдіктерде он күнде 22 167 уағыз айтылып, 468 598 жамағат  тыңдады.

Ауызашарда айтылатын уағыз бойынша Рамазан шатырындағы ауыз ашқан жамағатқа «Ислам және отбасы құндылығы», «Ихсан – рухания тәрбие негізі» және «Дін мен дәстүр» тақырыптарында уағыз-насихан жүргізілді. Он күн ішінде 11 989 уағыз айтылып, 125 610 адам қамтылды.

Үшінші, әлеуметтік желідегі уағыз шарасы 3 негізгі тақырып бойынша Инстаграм, Тик-ток, YouTube әлеуметтік желілерінде 545 уағыз-насихат жүргізіліп, 2 697 001 қаралым жинады» деді Батыржан Берденұлы.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *