Skip to content

«QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет орталығының жұмыс жоспарын пысықтау жөнінде жиын өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен ҚМДБ «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет орталығының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына орай онлайн жиын өтті.

Наиб мүфти Ермек қажы Қасболатұлының төрағалығымен өткен жиында орталық директоры Мейрамбек Қабылбекұлы орталықтың 2020 жылы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен құрылғанын, халыққа шариғат пен салтқа сай қызмет көрсетіп келе жатқанын және қазіргі таңда мемлекет тарапынан жерлеу ісін реттейтін заң жобасы дайындалып жатқанын баяндады.

Жиында жерлеу рәсімдерін біріздендіріп, ысырапқа жол бермеу, зират тұрғызуда қарапайымдылықты сақтау, ас беру мәдениетін жүйелеу және орталық бөлімшелерін қажетті құралдармен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Наиб мүфти салттық қызметтің сауапты іс екенін атап өтіп, бұл бағытта жауапкершілікпен жұмыс істеуге шақырды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *