
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Qamqor-Sharapat салттық қызмет көрсету орталығының өңірлік бөлімшелеріне қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мүфтияттың 2025 жылға арналған жоспарына енгізілген болатын. Осыған орай, орталықтың өңірлердегі бөлімшелеріне қажетті құрылғылар берілді.
Атап айтсақ, Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің қолдауымен Qamqor-Sharapat салттық қызмет көрсету орталығының өңірлік филиалына мәйіт тасымалдау көлігі табысталды.
Сондай-ақ, демеушілердің көмегімен орталықтың Астана қаласындағы «Aq meshit» бөлімшесіне мәйітті жаназаға дейін уақытша сақтауға арналған жылжымалы мұздатқыш берілді.
Qamqor-Sharapat орталығы халқымыздың діни және ұлттық дәстүрлеріне сай қызмет көрсетуді жалғастырады.

