Skip to content

«Оразаға қатысты 200 сұрақ» атты зияткерлік жарыс ұйымдастырылды

Шымкент қаласы, Тұран ауданына қарасты «Айқап» мешітінде «Оразаға қатысты 200 сұрақ» атты зияткерлік жарыс ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Аталмыш іс-шара ораза айының құндылықтарын насихаттап, қатысушылардың діни білімін арттыру мақсатында өтті.
Жарыс заманауи Kahoot платформасы арқылы жүргізіліп, қатысушылардың білімін әділ әрі қызықты форматта сынауға мүмкіндік берді. Сайысқа белсенді түрде қатысқан жастар өз білімдерін көрсетіп, жоғары қызығушылық танытты.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей анықталды:
І орын – Керімқұл Айша
ІІ орын – Сәбетхан Сәуле
ІІІ орын – Бекзат Айгерім
Жеңімпаздар арнайы марапатталып, ал қалған барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.
Жалпы алғанда, іс-шара мазмұнды, тартымды әрі тәрбиелік мәні зор түрде өтті. Мұндай шаралар жастардың рухани дамуына оң әсер етіп, діни білімге деген қызығушылығын арттырады.