Skip to content

ОРАЗАДА МЕШІТ ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты мешіт имамдары мен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің дін өкілдерімен арнайы кездесу өткізді. Басқосу барысында ұлттық мүдде, мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлі, дін саласындағы өзекті мәселелер, сондай-ақ жаңа Конституциялық реформа аясындағы өзгерістер мен толықтырулар кеңінен талқыланды.
Кездесуде қала әкімінің орынбасары қоғамдағы тұрақтылық пен орнықты даму ұлттық құндылықтарды сақтау және заң үстемдігін нығайтудан басталатынын атап өтті.
Жиын барысында қаладағы білім беру саласының қазіргі ахуалы, мектептердегі білім сапасы, педагог мәртебесі және ғылымды қолдау мәселелері жан-жақты қаралды. Қатысушылар ғылым мен білімге деген қоғамдық сұраныстың артып келе жатқанын, бұл бағытқа мемлекет тарапынан айрықша көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.

Конституциялық реформа аясында ғылым мен білімге конституциялық мәртебе берілуі – сала өкілдері үшін маңызды қадам екені айтылды. Қаржыландыру тетіктерін жетілдіру, ғылыми зерттеулерді қолдау және білім беру жүйесін дамытуға бағытталған жаңа мүмкіндіктер қарастырылғаны жеткізілді.

Сонымен қатар негізгі заң жобасында білім беру және ғылыми ұйымдарға академиялық еркіндік беру мәселесі де қамтылған. Бұл бастама оқу бағдарламаларын икемді қалыптастыруға, ғылыми ізденістер аясын кеңейтуге және білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді деген пікір білдірілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі