Skip to content

НАИБ МҮФТИ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА МЕШІТ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін, ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ермек Мұқатай бастаған басшылық құрам Шымкент қаласы Қаратау ауданында жаңадан салынып жатқан мешіт құрылысымен танысты.
Мұнымен қатар, құжаттарын рәсімдеу, мешіт құрылысы барысында сапалы құрылыс материалдарын пайдалану керектігін және уақтылы аяқтау жөнінде айтып өтті. Сондай-ақ, қала бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы бұдан басқа жаңадан салып жатқан мешіттер туралы баян етті.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі