ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы Алматы қаласындағы “Әбу Ханифа” медресе – колледжіне арнайы барып, ұстаздар және шәкірттермен кездесті.
Кездесуде наиб мүфти шәкірттерді білімге ынталандырып, қоғамдағы өзекті шариғи мәселелер мен ұлттық дәстүрдің маңызына тоқталды. Сондай-ақ, нақты мысалдар келтіре отырып, насихат айтты.
Жиын соңында шәкірттердің сұрақтарына жауап беріп, ақ батасын берді.