Skip to content

«Мұнара» телеарнасының шығармашылық тобы Жамбыл облысына барды

Республикалық «Мұнара» телеарнасының директоры Болат Көкенайұлы, бас продюсері Дәурен Құдайберген және бас режиссері Мүсілім Жұмағазыұлы Жамбыл облысына арнайы іссапармен барды.

Іссапар барысында телеарна басшылығы өңірдің діни-ағартушылық бағыттағы жұмыстары және рухани ахуалымен танысып, шығармашылық байланысты күшейтуге басымдық берді. Алдымен ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлымен кездесіп, сұқбат алып, аймақтағы діни қызметтің жай-күйіне қатысты пікір алмасты.

Сонымен қатар, БАҚ саласының өкілдерімен жүздесіп, «Мұнара» телеарнасының Жамбыл облысындағы өкілдігін жандандыру, қосымша штат ашу және кадрлық құрамды кеңейту мәселелері талқыланды.

Телеарна шығармашылық тобы Тараз қаласындағы руханият жанашырларымен – батагөй ақсақалдар мен мешіттің көнекөз жамағаты болған әжелермен де сұқбаттасты. Кездесу барысында «Иманым жиғаным» және «Салиқалы сұқбат» бағдарламаларына арналған түсірілімдер жүргізілді.

Сапар аясында халал сертификаты бар кәсіпорындардың бірі араланып, оның қызметі мен өндірістік үдерістері туралы бейнематериал әзірленді.

Аталған іссапар аймақтың рухани өмірі мен ақпараттық кеңістігін үйлестіре отырып, елдің діни-мәдени болмысын кеңінен насихаттауға бағытталды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *