Skip to content

Мүмкіндігі шектеулі балаларға экскурсия ұйымдастырылды

Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының тапсырмасына орай, Еңбекші ауданының бас имамы Ербосын қажы Бектұрсынұлының қолдауымен, «Зекет және қайырымдылық» қорының аудан бойынша жауапты «Ар-Рақиб» мешітінің имамы Ержігіт Досумбаевтың ұйымдастыруымен және Шымкент қаласындағы «Мүмкіндігі шектеулі балалардың аналары» қоғамдық бірлестігінің атсалысуымен 50 мүмкіндігі шектеулі балаларды аналарымен Сарыағаш ауданы, «Сарыағаш» мешіт-медресесіне арнайы автобуспен апарып қайтты.

ҚМДБ-ның 35 жылдығына арналған қайырымдылық шараның ұйымдастырушысы Имам Ержігіт Досумбаев бастаған қонақтарын «Сарыағаш» мешіт-медресесінің басшылығы күтіп алып, балаларға мешіт-медресенің тыныс-тіршілігімен таныстырып, төңірегіндегі көлді қайықпен тамашалатты. Сондай-ақ, дәмханада арнайы әзірленген дастарханнан тамақтанды.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *