Дәстүрлі ислам дінімізде өзге дін өкілдеріне құрметпен қарайды. Ешкімді дініне, ұлтына, нәсіліне және жынысына немесе материалдық жағдайына қарап бөлмейді. Адамға рухани құндылығы тұрғысынан баға береді.
Ислам діні бейбітшілік пен тыныштықты, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді, рухани бірлігіміз бен сан ғасырлық адам құқығы мұрасын сақтау мен нығайтуға ықпалы зор. Басқа діндермен қарым-қатынастың негізгі принциптері исламдық шариғат көздері – Құран мен сүннет негізінде жасалған.
Өз заманында Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өзге дін өкілдеріне мейірімділікпен, қамқорлықпен қарай отырып, олардың құқығын мұсылмандардың құқығымен тең дәрежеде ұстады. Ғибадатханаларын қиратпауды, діндарларды өлтірмеуді, оларға қол жұмсамауды, алым-салық алмауды, мал-мүлкіне қол сұқпауды өсиет еткен. Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) тәлімін алған ізбасарлары да мұсылмандардың қоластына кірген елдерде осы ұстаныммен билік жүргізді. Сол сияқты бүгінгі мұсылмандар қазақ даласында еш қысымсыз тату-тәтті өмір сүріп жатыр деп айта аламыз. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылмандарға: «Кімде-кім кітап иелеріне зиян келтірсе, мен оның ақыретте дұшпаны боламын», – деп ескерткен.
Құранда: «Біз оларға: “Біз өзімізге түсірілгенге де, саған түсірілгенге де иман келтірдік. Сендердің Құдайларың да, біздің Тәңіріміз де бір. Біз Оған бойұсындық” дедік. («Әнкәбут» сүресі, 46-аят)
Сонымен қатар, «Кім адамды (мұсылмандармен бірге өмір сүретін өзге дін адамын) өлтірсе, ол жәннаттың исін де иіскемейді. Әрине, жәннат исі жетпіс жылдық қашықтықтан келіп тұрады» деп ескерткен. Осы хадиске назар аударсақ, дінімізде өзге дін өкілдеріне үлкен құрмет көрсететінін анық көруге болады. Исламның мейірімділік пен бейбітшілік діні Исламның бүкіл әлемге таралуына үлес қосты. Мұсылмандармен ортақ құқықта тең қарауды бұйырады. Исламда өзге дін өкілдерімен жасалатын қарым-қатынастың қағидаттары шариғаттың негізгі қайнар көздері – Құран мен сүннетте бекітілген. Дәстүрлі дініміз кез келген дін өкіліне құрметпен қарауды, адамдарды нәсіліне, ұлтына, дініне байланысты бөлмеуді насихаттаған.
Кез келген мемлекеттің гүлденуі, өркендеуі, бірінші кезекте экономикалық, табиғи рeсурстарына емес, ішкі тұрақтылығына, ауызбіршілігіне байланысты. Мемлекет өте кедей болуы мүмкін, алайда айрандай ұйыған ауызбіршілік, ынтымақтың арқасында барлық қиыншылықтарды жеңіп, өркениетті елдер санатына енеді. «Байлық байлық емес, бірлік – байлық» демекші, қазақ халқының басына түскен талай қысылтаяң кездерде осы бірліктің арқасында жол тауып отырған. Ал, жүз-жүзге, ру-руға, ұлтқа, ұлыстарға бөлініп, әркім өз пайдасын көксегенде кесапатқа ұшырап, жау қолына оңай олжа болған.
«Дін мәселелерін зерттеу
орталығы» КММ
«Оңалту жұмыстары
және діни психологиялық
қолдау» бөлімінің маманы
Н.Тойшиев