
Қасиетті Мекке қаласында Сауд Арабиясы Корольдігі Қажылық және ұмра министрлігінің ұйымдастыруымен қажылық маусымын қорытындылауға арналған салтанатты іс-шара өтті.
Қажылық маусымының қорытынды басқосуына наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы бастаған Қазақстан қажылық миссиясының өкілдері де қатысты. Қажылық және ұмра министрі Тауфиқ ибн Фаузан ар-Рабиа ұлы сапарға мұсылман қауымын бастап келген әр елдің Діни басқармаларына алғысын жеткізіп, ізгі тілегін арнады.
Сондай-ақ іс-шара барысында қажылық маусымында әзірленген арнайы бейнеролик назарға ұсынылып, қажылық құлшылығын ұйымдастыруда оқ бойы озып шыққан елдерге жүлделі орындар берілді.