Skip to content

ҚҰРБАН АЙТҚА ҚАТЫСТЫ ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Бүгін Астанада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Құрбан айт мерекесіне арналған Төралқа мәжілісі өтті.

Жиынға ҚМДБ қызметкерлері мен облыс Бас имамдары қатысты. Бас мүфти Құрбан айт мерекесін жоғары деңгейде ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталып, нақты тапсырмалар берді.

Құрбан айтқа қатысты шариғи мәселелерге бойынша наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы баяндады. Қажылық миссиясының атқарылатын жұмыстары жөнінде наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы мәлімет берді.

Құрбан айтқа дайындық жұмыстары бойынша Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Әуесханұлы баяндама жасады. Ақпараттық-насихат жұмыстары жөнінде Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Нұрсұлтан Сәбитұлы мәлімет берді.

Қайырымдылық бағытындағы жұмыстарды «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы таныстырды. Сайт пен цифрлық жұмыстардың жай-күйі туралы Цифрлық даму бөлімінің меңгерушісі Тимур Серікқанұлы баяндады.

Айта кетейік, биыл Құрбан айт 6 маусымда басталады.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *