
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылдық мешітіне қарасты «Асар Ата» рухани білім беру орталығында 5 Қари Қасиетті Құранды толық жаттап шықты.
Рухани шара барысында үлкен ас беріліп, спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Мерекелік шараға жан- жақтан қонақтар келіп, ізгі лебіздерін білдірді.
Берекелі жиынға ҚМДБ РАНТ мүшесі Әбдімүтәлі Қайназарұлы және «Әз-Тәукехан» медресесінің директоры Берік Арғынбекұлы қатысып, қариларға баталарын беріп, жиналған халыққа пайдалы насихаттарымен бөлісті.
Жиын соңында қарилар марапатталып, діни білім жолында қызмет еткен ұстаздарға сертификаттар табысталды.