ҚМДБ Шымкент қаласы өкілдігі, Әл- Фараби ауданына қарасты “Сейіткәрім Қажы “мешітінде 30.07.2025 ж .
Алланың сөзі — Қасиетті Құран Кәрімнің 30 -шы мен 29 -шы параларын жаттап аяқтап ,осындай нұрлы жолға аяқ басқан аяулы шәкірттерімізді марапаттау кеші өтті.
Бұл ерекше күнде қонағымыз болып “Ордабасы “ мешітінің ұстазы Назерке Арманқызы келді.
Шәкірттер жаттаған Құран аяттарын оқыды,салауаттар айтылып, кешке қатысқан жамағатқа, ата-аналар арасында викториналық сұрақтар қойылып , сыйлықтар берілді
Кеш соңында барша қонақтарға дастархан жайылды.
Құран жаттаған және Құран аяттарына амал ететін шәкірттеріміз еліміздің болашағы , үмметтің үлкен үміті!
Бұл іс-шараға үлесін қосқан әр бір жанға Алланың нұры жаусын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

