Skip to content

Құран әліппесін тәмамдаған шәкірттерге арналған рухани шара өтті

2025 жылдың шілде айының алғашқы аптасында Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық “Ордабасы”  мешітіндеӘйел қыздар секторының жетекшісі Арманқызы Назерке ұстаздың ұйымдастыруымен рухани атмосферада ерекше әсерлі әрі салтанатты шара — «Асыл сөзден – асыл тәж» атты тәж кигізу рәсімі өтті. Бұл іс-шарада 60 шәкіртке тәж тағылды.Бұл игі бастама — қасиетті Құран әліппесін аяқтаған шәкірттердің еңбегін дәріптеп, олардың рухани жолдағы алғашқы қадамын мадақтау мақсатында ұйымдастырылды.
 
Шара барысында Құран әліппесін меңгеріп шыққан, “ИМАНИ ЖАЗ 2025” шәкірттері қыз-келіншектер мен әжелерге арнайы Ордабасы мешітінің бас имамы Ералы Есенгельдиевтың атынан Сертификат табысталды Ақ жаулықты аналар мен ибалы бойжеткендер ақ түсті киіммен, басына жарқыраған тәж киіп, нұрлы жүздерімен ортаға шықты.
Салтанатты кештің мазмұны бай әрі жүрекке жетерлік болды:
 
Қатысушылар мен қонақтар үшін арнайы концерттік бағдарлама ұсынылып, шәкірттер Құран оқып, имани әндер шырқады.
Рухани кеш аясында сұрақ-жауап ойындары ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар берілді.
 
ҚМДБ еңбек сіңірген ұстаз Айжарқын Амзеқызы қонақ болып шәкірттерге жүрекжарды тілектерін арнап, жиналған қауымға тәрбиелік мәні зор насихат айтты.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *