Skip to content

Қор директоры ислам институтының студенттеріне дәріс оқыды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Зекет және қайырымдылық қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев Астана қаласындағы Хусамуддин ас-Сығанақи атындағы ислам институтының бірінші курс студенттеріне «Зекет және сауда» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәріс барысында спикер зекеттің шариғаттағы үкімі мен оның әлеуметтік маңызына тоқталып, қазіргі сауда қатынастарындағы зекет есептеу тәртібін жан-жақты түсіндірді. Сондай-ақ студенттердің сауалдарына жауап беріп, нақты мысалдар келтірді.

Кездесудің негізгі мақсаты – болашақ дін мамандарының зекет туралы танымын арттырып, қоғамда қайырымдылық мәдениетін дамытуға үлес қосу.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *