Skip to content

Көне дәстүр: Жарапазан жаңғырды

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы “Исамиддин баба” мешітінің әйелдер жамағаты және Әжелер мектебінің ұйымдастыруымен қала деңгейінде рухани кеш өтті. Қатысушылар Рамазан айының берекесін бірге сезініп, жүректеріне иман нұрын алды.
 
Кеш барысында қатысушылар бірге ауыз ашып, Рамазан айының рухани мәнін терең сезінді. Бұл дастархан жүректерді жақындастырып, бауырмалдықты арттыратын ерекше игі іс болды. Сонымен қатар, халқымыздың көне дәстүрі – жарапазан жыры жаңғырып, апаларымыз шашу шашып, дәстүрді насихаттап, жамағатқа ізгі тілектерін жеткізді.
 
Кешті Сыдықова Гүлжан ұстаз “Рамазан: Адал жүректің жаңғыруы” тақырыбында насихат айтып, жүректі тазарту, адалдықты нығайту және ізгі амалдардың мәнін түсіндірді. Қатысушылар Рамазан айының рухани тәрбиелік әсерін терең сезінді.