
Бүгін Шымкент қалалық Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен “Қоғам – ұлттық құндылықтар мен ұрпақтар сабақтастығының ұйтқысы” атты форум өтті
Іс-шараға қалалық Ардагерлер кеңесінің Пленум мүшелері, бастауыш ардагерлер ұйымдарының төрағалары, зиялы қауым өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары, Ассамблея мүшелері, белсенді жастар орталығының мүшелері, имамдар және қоғамдық бірлестіктердің басшылары қатысты.
Форум барысында ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді дәріптеу жайында өз ойларымен бөлісті. Аға буынның өмірлік тәжірибесі мен даналығы, орта буынның еңбегі мен білімі, жастардың жігері мен ізденісі бір арнаға тоғысқанда ғана берекелі, өркениетті қоғам қалыптасады..
Бүгінгі форум ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық құндылықтарды сақтау жолында маңызды қадам болды. Ұрпақтар арасындағы рухани байланыс – елдің дамуы мен ұлттың мәңгілік болашағының кепілі.


