Skip to content

ҚМДБ Зекет қоры шәкірттерге 70 аяқ киім тарту етті

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры игі істің жарқын үлгісін көрсетті. Қор Астана қаласындағы «Астана» медресесінің қыздар бөлімінде және Хусамуддин ас-Сығанақи атындағы ислам институтында білім алып жатқан шәкірттерге 70 жаңа аяқ киімді қайырымдылық көмек ретінде сыйға тартты.

Қайырымдылық шарасы шәкірттердің күнделікті тұрмысына қолдау көрсетіп, олардың оқу жолындағы ынтасын арттыруды мақсат етеді. Қор тарапынан көрсетілген бұл қолдау жас буынға қамқорлық пен мейірімділік танытудың нақты мысалы болды.

Іс-шара барысында шәкірттер мен ұстаздар ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорына алғыс айтып, ел болашағы үшін осындай игі амалдардың жалғаса беруіне тілектестік білдірді.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *