
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ұлытау облысына барған жұмыс сапарында облыс әкімі Дастан Адайұлымен кездесті.
Кездесуде аймақтағы діни ахуал мен рухани тұрақтылықты сақтау мәселелері сөз болды. Атап айтқанда, өңір мешіттеріне тәжірибелі әрі білімді дін қызметкерлерін тарту, дін мамандарының кәсіби деңгейін арттыру бағытындағы жұмыстар талқыланды.