Skip to content

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ӘЗІРЕТ СҰЛТАН МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Зекет пен садақа берудің пайдасы мен берекеті» тақырыбында жұма уағызын айтты.

«Мұсылман адам атқару керек болған бес парыздың бірі – зекет беру. Зекет тілдік тұрғыда: тазару, өсу, өну, арту және береке деген мағыналарды білдіреді. Ал шариғатымызда зекет деп – нисап көлеміне жететін дәулеті бар мұсылман кісінің Алла разылығы үшін байлығының бір бөлігін жылына бір рет Құранда көрсетілген топтағы адамдарға беруді айтады. Алла Тағала қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 43-ші аятында «Намазды толық орындаңдар жәнезекетті беріңдер», – деп айтқан»,- деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жұма намазынан кейін Бас мүфти мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.